Ұлттық банк: Қазақстанның сыртқы қарызы 12,8 миллиард доллар

51 просмотров

2015 жылдың соңындағы дерекке сай Қазақстанның сыртқы қарызы 12,8 миллиард долларды құраған.

Бұлай деп Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.

Ақышевтің айтуынша, сыртқы қарыздың мөлшері Қазақстанның  жалпы ішкі өнімінің 7 пайызын құрайды. «Бұл әлем бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі» дейді Ақышев.

Ақышев сонымен қатар еліміздің сыртқы қарыздарына қатысты мәлімет таратып жүрген кейбір ақпарат құралдарына да шүйлігіп өтті. «Бірқатар ақпарат құралдарының Қазақстанның сыртқы қарызына қатысты келтірген мәліметтері шындыққа жанаспайды » деді Ұлттық банк төрағасы.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық ақпарат құралдары жеке сектордың берешегін қоса алғандағы Қазақстанның сыртқы қарызы 150 млрд. долларды құрайды деген мәлімет таратқан.

Ақышев сонымен қатар Қазақстандағы инфляцияға да тоқталып, оның мамыр айындағы көрсеткіші 0,5 пайызды құрағанын айтты. Бас банкирдің пікірінше қазіргі инфляция «ұзақжылғы трендке» сай келеді.

Ақышевтың айтуына қарағанда, Ұлттық банктің биылғы жылғы инфляция көрсеткіші 6-8 пайыздың арасында болады, деп болжап отыр.

Загрузка...