Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ұлттық қауіпсіздік комитеті келтірген деректі ішкі істер министрлігі жоққа шығарды

Ақтөбе облысының ішкі істер департаментінің қызметкерлері балалар демалыс лагеріне шабуыл жасалғандығы туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. 102-ге қоңырау шалған нөмір белгілі болды. Қазір анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Бұл ақпарат расталған жоқ. Қазір қоңырау шалып, жалған ақпарат беретіндер көбейді. Әрбір ақпаратты біз тексереміз, барлығы расталып жатқан жоқ. Ешқандай атыс болмаған. 102-ге ер адам қоңырау шалыпты. Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Телефон нөмірін анықтадық, кім екенін іздеп жатырмыз, – деді облыстық ішкі істер департаментінің мамандары.

Бүгін Елбасы ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысын қабылдаған болатын. Мемлекет басшысына Ақтөбедегі терроризмге қарсы жүргізіліп жатқан операцияның кезең-кезеңдік нәтижесін баяндаған ол, бүгін балалар демалыс лагеріне шабуыл жасалғаны туралы да айтқан. Алайда, белгілі болғандай, ұлттық қауіпсіздік комитеті келтірген бұл деректі ішкі істер министрлігі жоққа шығарды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз