Ұлттық қауіпсіздік комитеті „Қазақстанды азат ету армиясын„ ресми түрде жоққа шығарды

64 просмотров

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбедегі қанды оқиғаны жасады деген “Қазақстанды азат ету армиясы” туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл ресми мәлімдеме ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында жарияланды.

„6-маусымда кейбір электрондық ақпараттық ресурстарда “Қазақстанды азат ету армиясы” деп аталатын беймәлім ұйымның Ақтөбедегі қанды оқиғаны өз мойындарына алғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ол ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. “Қазақстанды азат ету армиясы” деген атымен жоқ ұйым”, – делінген комитет хабарламасында.

Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер осы негіздегі ақпараттар келіп түсіп жатса, отандық БАҚ редакциялары  оны растау үшін өздеріне, яғни, ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабарласуды сұрайды. Күмәнді дерегі бар шетелдік БАҚ-тың сілтемесіндегі ақпараттарды да алдын ала анықтап алуға кеңес береді.

Естеріңізге салсақ, өткен жексенбіде белгісіз адамдар тобы  Ақтөбе қаласындағы екі қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, нәтижесінде, бейбіт қала тұрғындары мен әскери қызметшілер оққа ұшқан еді. Қалада террорға қарсы операция режимі енгізілді. ІшкіІсМиннің мәліметінше, 13 қарақшының жолы кесілген. Соңғы деректер бойынша, шабуыл кезінде жалпы саны 7 адам көз жұмған. Ішкі істер министрлігі күдіктілердің діни радикалды ұйымға қатысы бар болуы мүмкін екенін пайымдаған.

Загрузка...