Британия басылымдары осы елдегі Қазақстан елшілігінің қызметкері мас күйінде көлік жүргізді деген ақпарат таратқан болатын.
Бүгін Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов ол азамат Елшілік қызметкері екенін, бірақ, дипломат емес, техникалық қызметкер болғанын айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
– Ол – елшілік қызметкері. Бірақ, техникалық қызметкер. Ондай факт болған. Осы факт анықталғаннан кейін техникалық қызметкер бірден елге қайта шақырылды. Қазіргі таңда ол азамат Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінде жұмыс істемейді, – деді Әнуар Жайнақов.