Локомотив бригадасы жолаушылар пойызын апаттан құтқарып қалды

25 просмотров

6-шілде күні сағат 19:00-де «Астана-Лениногор» бағдарындағы №375 жолаушылар пойызының бригадасы пойызды апаттан аман алып қалды.

 

Машинист Виталий Пилипенко мен машинистің көмекшісі Максим Ефремов 100 метрдей жердегі рельске құлаған ағаштарды көріп шұғыл тежегішті басады. Бұл кезде күшті жел әрі нөсер жауын төгіп тұрған.

1467880123_pogudx78ll04kmb1q.fc036238-kzЛокомотив бригадасы пойыз диспетчері мен станция кезекшісіне хабарлап, артынша, пойыз жолсеріктері мен машинист, машинистің көмекшісі жолды аршуға кіріскен.

„Көп ұзамай, жолшылар бригадасы жедел жетіп, құлаған ағаштарды балтамен, бензинді арамен тазалайды. 42 минут аялдаған пойыз 20:12 минутта сапарын қайта жалғастырған. Бригада кешіккен уақытын жолда қуып жетіп,Лениногор қаласына кестеден 18 минут кідіріспен келген„, — деп хабарлайды Қазақстан Темір жолы (ҚТЖ) таратқан хабарлама.

Осылайша, локомотив бригадасының шұғыл шешімі мен қырағылығының арқасында жолаушылар пойызы апаттан аман қалды.

Загрузка...