Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаева өзі продюсерлік еткен телехикаяның Мәскеу халықаралық кинофестиваліндегі тұсаукесерінен қызды болуына орай қалып қойды.
Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.
Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес:
Әлия Назарбаева 18 маусым күні қыз босанған
Әлия Назарбаева продюсерлік еткен “Ана жүрегі” тарихи телехикаясының тұсаукесері кеше Мәскеу халықаралық кинофестивалінде өтті.
Қазақстанда фильмнің тұсаукесері сегізінші қыркүйекке жоспарланған.
Бұған дейін Қазақстан президентінің шөбересі дүниеге келген болатын. Елбасының немересі Айсұлтан Назарбаев жақында ғана әке атанған.