26-қыркүйекте жоғалып кеткен Лисаковск қаласының 32 жастағы тұрғыны Надежда Потапова өлі табылды.
Екі баланың анасы – Потапованың қаза болғаны жайлы осыған дейін оны іздестіру жұмыстарына белсенді қатысқан Дарья Скворцова есімді қыз әлеуметтік желісінде жазды, – деп хабарлайды “Алау” басылымы.
“Надежданы іздестіру жұмыстарына көмектескен адамдардың барлығына – ерік білдірген адамдарға, бұл мәліметті жан-жаққа таратқандарға алғыс айтамын. Отбасыларыңызға денсаулық тілеймін. Надежда саяжай жақтан табылды, өкінішке қарай, ол өлі табылды”, – деп жазды Дарья Скворцова “ВКонтакте” желісіндегі „FOX Town – Лисаковск наш город!„ тобында.