Әлімханұлы Головкиннің экс-қарсыласын нокаутқа жіберді

130 просмотров

Алматыда өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінің алтыншы кездесуінде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы Колумбиядан келген Мильтон Нуньесті жеңді, деп хабарлайды Baq.kz.

 Жәнібек Олимпиададан кейін жанкүйерлер алдында алғаш рет шаршы алаңға көтерілді. Бұл оның кәсіпқой бокстағы дебюттік кездесуі. Қарсыласы бұрын Геннадий Головкиннен жеңілген болатын.

Әлімханұлы алғашқы раундтан белсенді қимылдады. Шапшаң жұдырықтасқан жерлесіміз бірінші кезеңде қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Нуньес орнынан көтерілді. Бірақ Жәнібек қайтадан соққыларын қарша бората бастаған. Төреші кездесуді тоқтатып тастады. Сөйтіп, 23 жастағы қазақ боксшысы кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті бастады.

Бұған дейін Жұман Жұмабеков, Айдар Шәрібаев, Әли Ахмедов, Руслан Мырсатаев, Жанқош Тұраров өз кездесулерін жеңіспен аяқтаған болатын.

Айта кетейік,қазір соңғы кездесуде Қанат Ислам мен Ганадан келген Патрик Аллотей жолығады. Бұл жекпе-жекте жеңіске жеткен боксшы WBA Fedelatin және WBO Intercontinental алтын белбеуін иеленеді.

 

Загрузка...