Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Левитті жеңген Тищенконы Ресей мойындамай ма? Журналистер оның шовинист екенін неге жұртқа жайды?

Алайда сол ағынан жарылып отырған орыстың журналистері бұл видеоны кейіннен, сенсация қуып, интернетке жариялап, оның – өз елінің чемпиондарының масқарасын шығарады.

Мүмкін, орыстардың өзі де өз іштерінде оны чемпион деп санамайтын да болар. Содан кейін де олар осылай еткен шығар.

Қалай дегенмен де бұл әр айтылған сөзі секілді әр әрекеті де адамның өз алдынан шығатынын дәлелдей түскендей. Әйтпесе Рио төрінде жанкүйерлер уілдеп, жекпе-жек нәтижесіне көңілі толмайтындығын білдіргенде Евгений Тищенкодан бет те, түр де қалмай, сұп-сұр боп кеткенде қарсыласы – жерлесіміз Василий Левит залдағыларға сұқ саусағын аузына апарып, тыныштандырып, оған қолдау көрсетіп еді ғой. Ал оның сыртқа шығып, істеп жүрген тірлігі мынандай. Бірақ онысы оған опа әпермеді.

Ал Айдар Ахметов айтатындай Тищенкода кемшілік бар, енді…

«Евгений Тищенко – ол біздің Василий Левитке қарсы шешуші жекпе-жекте ар-намысы жоқ қазылар алқасы жеңісті сыйлай салған  оңбаған. Әрине, түрің құрғыр Тищенко, сен шовинистсің!!! Жалған чемпион, екіжүзді адамсың!»

— деп жазады ол Facebook-тегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, ресейлік боксшы Рио Олимпиадасының финалында қазақстандық Василий Левитпен кездескен болатын. Бірақ бұл жекпе-жекте бокс мамандары мен жанкүйерлер төрешілердің ресейлік боксшыны құлағынан сүйреп алып шыққанын жарыса жазды. Оның ішінде жеңуші тараптың – Ресейдің де мамандары болғанын баса айта кетелік.

https://www.youtube.com/watch?v=PxYkoXXjr6Y

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз