Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттаған ақтөбеліктер сотталды

Ақтөбе қалалық сотында бүгін сотталушы Төребай Мәжитов, Ерғожа Аманғожин және Мейрамбек Тұрғанбаевқа қатысты қылмыстық істің үкімі шықты.

Іс материалдарына сүйенсек, Төребай Мәжитов жат ағымның жетегінде кетіп, жан-жағындағы адамдарды үгіттеген. Яғни, телефон арқылы террористік акт, жиһад жасауға үндейді.

«Сотталушы 2015 жылдың тамыз айында «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде «Абухолид Абдумаджид» атымен өзіне жеке парақша ашып, «Абу хамза Казахстанский» атымен тіркелген әлеуметтік желі қолданушысының жеке парақшасынан «У кого то может есть знакомые, кто готов финансово помочь или закят свой отдать или просто сделать джихад своим имуществом», «На вопрос о терроризме и Исламе один немецкий мусульманин сказал», «Абу Хурайра казахи», «20 достойнств шахида», «Это письмо муджахеда к своей жене» жазбаларын өзіне жүктеп, достарына таратады.

Өткен жылдың соңында терроризмді насихаттау мақсатында достарына «Уақыт келді ахи», «Ассалам уалейкум ахи біздің уақыт келді Ин ша Аллах», «Қанша жүре береміз ахи» деген мазмұндағы үндеу хат жазып, өзін-өзі жарып шахид жасау туралы бейнероликтер жіберген», – деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз хатшысы.

Сотталушы Мәжитов кейін Шалқар ауданында тұратын Аманғожин мен Тұрғанбаевқа телефон шалып, «WhatsАpp» әлеуметтік желісі арқылы «Из писем Саида абу Саада к своей жене», Қ.Бақытжан есімді абонентке «Стишок о мурджитах», С.Құдайбайға «Выдержки из писем Саида Абу Саада» атты мәтіндік хабарлама жіберген.

– Төребай Мажитов, Ерғожа Аманғажин Қылмыстық кодекстің «Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру», «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» баптары бойынша айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мүлкі тәркіленді. Жазаларын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді. Ал Мейрамбек Тұрғанбаев Қылмыстық кодекстің 256-бабы, 2-бөлігінде қаралған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді, – дейді №2 қалалық соттың судьясы Зинаида Шмирова.

Айта кетейік, сотталушылар Төребай Мәжитов, Ерғожа Аманғожин, Мейрамбек Тұрғанбаев сот психологиялық-филологиялық және дінтанушылық сараптамаларының жүргізілуіне байланысты мемлекетке 53 мың теңге материалдық шығын өтеуі тиіс. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз