Өңірде терроризм мен экстремизимнің алдын алу үшін діни ағымдардың жетегінде белгілі бір топтардың ұстанымына еліктеп жүрген тұрғындар арасында дұрыс ақпарат беретін үгіт-насихат үздіксіз жүргізілуі керек.
Бұл туралы кеңейтілген кеңесте Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жауаптыларға осылай деп тапсырды, деп хабарлайды aktobenews.kz.
Облыс әкімі дәстүрлі емес діни ағымдардың мүшесі болып жүрген әр адаммен жеке сөйлесіп, қоғамға ортақ таным-түсінікті қабылдауға үгіттеу үшін дін саласының білімді мамандарын жұмылдыруды тапсырды. Ол аудан әкімдеріне тұрғындарды жұмыспен қамту өзекті мәселе ретінде күн тәртібінен түспеуі керектігін ескертті.
— Шынайы жағдайды жасыруға болмайды. Барлығы есепте болуы керек, олардың əлеуметтік жағдайы туралы, отбасы мүшелері мен туыстарының, айналасындағы адамдардың немен айналысатыны жайлы білуіміз керек. Басты мəселе — діни сауаттылық пен жұмыспен қамту. Егер жұмыстары болса, өзге күмəнді ағымдар туралы ой да болмас еді, — деді Бердібек Сапарбаев.