Лаңкестікке қатысы бар деп іздестіріліп жатқан күдіктілер Сирияда жүр екен

48 просмотров

Ақмола облыстық прокуратурасының өкілдері іздестіріліп жатқан лаңкестердің аты-жөндерін атап, олардың Сирияға кетіп қалғандарын анықтағанын айтты.

Жыл басынан бері қарулы қақтығыстарға қатысумен байланысы бар лаңкестік қылмыстарды жасаған төрт қылмыскерге халықаралық іздеу жарияланды деп хабарлайды News2.kz.

«Олар — А.Маратұлы, О.Нұрғалиев, А.Курашов, С.Куланов. Бұл азаматтарға қатысты Ақмола облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен „Шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысу„ туралы ҚР Қылымстық кодексінің 172-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін бастады, бұл адамдарға іздеу жарияланды «, — деді Ақмола облыстық прокуратурасы үшінші басқармасының аға прокуроры Талғат Ысқақов.

Прокуратура өкілінің мәліметінше, Маратұлы Сирия Араб Республикасы территориясына кетіп қалды және ерікті түрде лаңкестік ұйымның қатарына кірген, онда ол үкіметтік әскерге қарсы қарулы қақтығыстарға белсенді түрде қатысқан.

Қарулы қақтығысқа қатысу мақсатында дәл осылай Сирия территориясына Нұрғалиев, Курашов және Куланов та кетіп қалған.

Еске салайық, Ақмола облысында террористік әрекет жасады делінген төрт күдіктінің іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын.

Загрузка...