Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін бағалайтын жүйе керек – депутат

167

Депутаттың пікірінше, “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының есебі мен көрсеткіші қитұрқы жолдармен жасалған, олардың табысын таза деп айтуға келмейді. Сондықтан ол жалпы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінің тиімділігін бағалайтын жүйені әзірлеу қажет деп санайды.

– Мәжіліс отырысында “Самұрық Қазына” ұлттық қорының жарғылық капиталындағы 5 триллион салымнан айтарлықтай дивидендтер түспей жатқанын сынағанмын. Сол кезде Елена Бахмутова ханым қор былтырғыдай 30 пайыз, яғни 300-ден астам млрд теңге таза табыс алғанын және компанияның оң көрсеткіштері туралы айтып берген еді. Алайда қордың шоғырландырылған қаржылық есебін зерделей келе, оның тиімді жұмыс істемегенін анықтадық. Әрине, қордың табысы көбейген. Бірақ ол таза табыс емес, – дейді.

Бұл ойын мысалдармен дәйектеген депутат бұл арада теңге девальвациясы, салықтың төмендеуі және акциялардың сатылымы секілді компания жұмысынан тыс факторлардың үлкен рөл атқарып кеткенін айтады.

– Мысалы, біріншіден, олар 700 миллиардқа жуық теңге пайданы оң бағам айырмашылығы арқасында алған, оның ішінде ҚазМұнайГаз Барлау Өндірісі компаниясына тиесілі – 450 млрд-қа жуық теңге доллар бағамының күрт өсуі кезінде шыққан. Екіншіден, қордың 200-ден астам млрд теңге пайдасы KMG International кәсіпорының акцияларын сату есебінен алынған. Үшіншіден, тағы жүздеген миллиард пайда бірлескен және қауымдасқан компаниялардан түскен. Салық төмендеуі де рөл атқарған. Яғни, мұның барлығы қор менеджментінің тиімді жұмыс істеуінен келген таза табыс деп айтуға болмайды ғой.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз