Португалияның футболдан ұлттық құрамасының капитаны Криштиану Роналдудың соңғы шешуші матчта аяғы жарақаттанған сәтте бетіне қонған көбелек әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.
Мәселен, бетіне көбелек қонған күйі жылап тұрған Роналдудың суретімен Твиттерде 50 аккаунт ашылған. Ол „Роналдаға – көбелек„ деп аталады.
Ал осындай бір аккаунт бір түн ішінде 20 мың тіркелушіні тіркеген.
„Роналдаға – көбелек„ деген аккаунттың бір жазбасында көбелек атынан кешірім сұралған. „Бетіне отырып алып, жылатып қойғаныма кешірім сұраймын„ делінеді жазбада. Ал кейбірі оны футболшыны қолдап, әлпештеген әруаққа балаған.
Криштиану Роналду футболдан Еуропа – 2016 чемпионатының соңғы матчының бірінші таймы басталған кезде-ақ тізесін жарақаттап, ойыннан шығып қалған еді. Алайда капитансыз да Португалияның футболдан ұлттық құрамасы Францияны сан соқтырып, бас жүлдені жұлып алды. Осылайша Португалия ұлттық құрамасы тарихында алғаш рет футболдан Еуропа чемпионы болып отыр.