Конституция күнін еліміздің барлық өңірі тойлап, мерекелік шаралар өткізеді.
Биыл 30 тамыз аптаның екінші күніне, яғни сейсенбіге сай келеді. Демек, осы күні Қазақстанның барша халқы демалатын болады.
2001 жылдың 13 желтоқсанындағы „Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы„ ҚР Заңына сәйкес, еліміздің Конституция күні 30-тамызда тойланады, ол мемлекеттік мереке болып саналады. Еңбек заңнамасына сәйкес, сондықтан 30-тамыз демалыс күні болып жарияланады.