Конституция күні қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары марапатталды

29 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында 2016 жылдың 29 тамыз күні «ҚР Конституциясына 21 жыл» толуына орай мерекесіне арналған салтанатты іс-шара болып өтті.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

ОҚО ІІД Кадр жұмысы басқармасының бастығы полиция полковнигі Халықов Бағлан Әнуарбекұлы баяндама жасап, Конституция рөлінің және маңызының нығаюы – құқықтық даму­дың заңды беталысы екенін атап өтті.

Шара соңында тәртіп саласының үздік мамандары арнайы марапатталды. Атап айтқанда, ҚР Ішкі істер министрінің атынан 5 қызметкер грамотамен, ОҚО ішкі істер департаменті бастығының бұйрығымен 49 қызметкер және ОҚО ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметі бастығының атынан 50 қызметкер грамота және алғыс хаттармен марапатталды.

Загрузка...