«Ешқандай таныстың қажеті жоқ. Байқаудан өтсеңдер, жұмысқа қабылдаймыз». Бүгін студенттермен кездескен Бас прокурор осы күнге дейін конкурстан сүрінбей өткен 60-тан астам адамның қызметке алынғанын айтты, деп хабарлайды 24.kz.
Жақып Асанов жастарды отансүйгіштік пен еңбекқорлыққа жақын болуға, теріс идеологиядан алыс жүруге шақырды. Сонымен қатар мақсатшыл жастарды жұмысқа шақырды.
Мүнира Бейсенова, Қазақ гуманитарлық заң университетінің түлегі:
– Бүгінгі дәрістен көптеген бірге қажетті ақпаратты алдық. Болашақта прокурор болуға септігін тигізеді деп ойлаймын. Өз қызметімде оны қолдануға тырысамын.