Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Клинтон мен Трамптың бәсекесінде Машкевичтің аты аталды

Клинтон кампаниясының менеджері Робби Мук CNN-ге Демократиялық конвенцияның тура қарсаңында Ұлттық демократиялық комитеттің бұзылған электрондық хаттарын жариялау мен Трамп компаниясының Республикандықтардың өз тұғырнамасынан, яғни, платформасынан өз әскерилеріне „өзін өзі қорғаудың шабуылдаушының өлімімен аяқталатын„ құралдарын беруді алып тастауға шақыратын түзетулері бойынша табысты іс-әрекеттер арасындағы байланысты байқағанын айтады.

— Осылардың бәрінің басын қоссақ, жеткілікті деңгейдегі қауіпті картинаны байқайтын боламыз, – дейді Мук.

Осымен бір мезетте либералдық блогер Джош Маршалл Трамп пен Путин арасындағы болуы мүмкін, оның ішінде, республикандықтар үміткерінің қалталы ресейліктермен жасалған келісімдер туралы үлкен мақала жазыпты.

14-3

Осының барлығын неғұрлым қаһарлы етіп көрсету үшін, осындай көп дүниелердің барлығын, олардың барлығын біріктіріп жинау қажет. Бұдан бөлек, Маршалл дұрыс байқағандай, Ресейдің мемлекеттік БАҚ-тары Трампқа ашықтан-ашық қолдау білдіріп отыр. Алайда Путин мен Трамптың арасында шынайы байланыс бар ма және Трамп Путиннің көмегін қабылдап жатыр деп айтуға дәлеледер жеткілікті ? Мен олай деп ойламаймын.

Трамптың шынайы достары

Трамптың Путиннің жақын ортасындағы қандай да бір мемлекеттік шенеуніктермен немесе бизнесмендермен байланысы жоқ. Шамасы, кейбір ресейлік инвестицияларды тартқан «Trump SoHo» жобасы исландиялық «FL Group» (қазір «Baugur» ретінде белгілі) компаниясы тарапынан қаржыландырылған болуы мүмкін, бірақ, атап айтарлығы, Путиннің достарымен байланыс байқалған жоқ.

Оның Қазақстаннан шыққан дәулетті бизнесмен Александр Машкевичпен байланысы бар,

бірақ Машкевич Путиннің миллиардер достарының қатарына кірмейді…

Ресеймен шынайы байланысы бар Трамптың жалғыз кеңесшісі — ол Картер Пейдж. Ол 2000-жылдардың ортасында ресейлік табиғи газдың монополисі «Газпромға» кеңес беру бойынша қызмет көрсеткен. Бірақ бұл байланыстар соншалықты жоғары деңгейде болмаған: Пейдждің Путинге жақын «Газпром» басқармасының төрағасы Алексей Миллермен достығы жоқ».

Дереккөзі: Bloomberg

Мақаланың түпнұсқасын 365info.kz сайтынан оқыңыз

13664751_10210383431368448_577959115_n

Александр Машкевич

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз