Қамыстыбас балық питомнигі 8,4 млн. дана тұқы балықтың биылғы шабақтары мен балықтардың өсімдік қоректі түрлерін Кіші Арал теңізінің Шағалалы шығанағы мен Қамыстыбас өзеніне жіберді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, жіберу орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлерінің, әкімдіктің, ғылыми ұйымдар өкілдерінің қатысуымен комиссиялы түрде жүзеге асырылды.
Дереккөз: strategy2050.kz