Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Үкімет құжаттарындағы ұқсастық кездейсоқтық па әлде алдау ма?

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысынан кейін дәліздегі сұхбатында Сергей Симонов мәлім етті. Оның пікірінше, бағдарламалар бір-бірін көшірмеленбеуі керек. „Мысалы, бір нысан екі жақтан, екі бағдарлама арқылы қаржыландырылып жатады, бірақ нәтижесі біреу ғана. Бұл алдау емес пе?„ – дейді ол.

– „Жұмыспен қамту жол картасы — 2020„, „Бизнестің жол картасы — 2020„, „Нұрлы жол„, Үдемелі индустриалдық инновациялық бағдарламалардың бір біріне тән ортақ сипаттамасы бар. Мысалы, осы аталған барлық бағдарламада оқыту, қайтадан оқыту, біліктілікті арттыру, ауылға шағын несиелер бөлу, тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылымдар, жұмысшы орнын ашу дегендерді кездестіруге болады.

Сондықтан жалпы мәселемен айналысатын бұл бағдарламалардың тиімділігін бағалау өте қиын, ал жұмыс нәтижесі мен қаражаттың игерілуі туралы деректер тым сұйық.

Сондай-ақ бұл бағдарламалар аясында көп нәрсе жасалып жатқан секілді әсер алғанын айтқан депутатты алайда еліміздегі экономикалық көрсеткіштерде үлкен өзгерістердің болмауы қатты таң қалдырған. Оның пікірінше, аталған бағдарламалардың жүзеге асырылуынан еліміздің табысы, өндіріс пен өндіріс көлемі артпаған, жұмыссыздық қысқармаған. Мысалы, біздегі жұмыссыздық көрсеткіші 2014 жылғы 5,1 пайыз деңгейінде қалып отыр екен.

– Мемлекеттік және салалық бағдарламалар нақты мәселелерді шешіп, салынған қаражаттан мультипликативті әсер алуымыз керек. Біз мемлекеттік орган қызметінен, жекелей бағдарламалардан қандай пайда келіп отырғанын көре алуымыз керек. Егер екі құжатта бір мақсат көрсетілсе, онда оның нәтижесі бойынша айырмашылық болуы керек қой. Ал қазір мысалы бір нысан екі жақтан, екі бағдарлама арқылы қаржыландырылып жатады, бірақ нәтиже біреу ғана. Бұл алдау емес пе?, – дейді Сергей Симонов.

Осы тұрғыда ол үкіметке стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды жасау, қабылдау және оны жүзеге асыру мәселесін қатаң қадағалауға алып, құжаттарды толтырудың бір үлгісін енгізуді ұсынады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз