Жер комиссиясының мүшелері алматылықтармен кездеседі

57 просмотров

Жер реформасы жөніндегі комиссия мүшелері ертең Алматы тұрғындарымен кездеседі, — деп хабарлайды Qamshy.kz сайты.


taijan-1Комиссия мүшелері Мұхтар Тайжан, Айдос Сарым, Дос Көшім мен Жанұзақ Әкім бүгін Алматыдағы «Астана» қонақ үйінде қала тұрғындарымен кездесіп, комиссия жұмысы жайында есеп бермек.

«Біз үшін әр азаматтың пікірі құнды. Ешбір сұрақ жауапсыз қалмауы тиіс деп санаймыз. Комиссия жұмысына, жер мәселесі төңірегіндегі жағдайға алаңдап жүрген ағайынмен кездесіп, пікірлесуді жөн көрдік», — дейді комиссия мүшесі, саясаткер Мұхтар Тайжан.

Естеріңізге салсақ, осындай кездесуді бұған дейін Мұхтар Тайжан 22- мамыр күні Алматыда өткізген болатын.
Комиссия мүшелерімен кездесу бүгін, жексенбі күні  өтеді.

Загрузка...