Әкім мырза, Лениннің ескерткішін үйіңе апарып қой!

478 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев ел арасында көп талқыланған Ащысай ауылындағы Ленин ескерткішіне қатысты пікірін білдіріпті. 

Nur.kz-тің тілшісімен тілдескен Мақұлбаев өз сөзінде:

“Енді Ленин дегеніміз тарих қой. Лениннің ескерткіші де тарих қой енді. Тарихты да сызып тастауға болмайды. Бұл мәселеге қатысты халықпен келісіп жұмыс жасаймыз. Әзірге тұрғындар оған келісім беріп отыр. Бізде кез-келген жұмыс ауыл тұрғындарымен, қоғамдық бірлестік мүшелерімен келісіп жасалынады”,

– депті.

Әкім Ленин ескерткішін алып тастағысы келмей отырғанын әлеуметтік қолданушылары әрқилы бағалап отыр. Біреулер: «әкім мырза, Лениннің ескерткішін үйіңе апарып қой» деген пікір білдірсе, енді біреулер «тиіспеңдер, Ленин біздің атамыз, саясында жатамыз, қарсы келген дұшпанды мылтықпенен атамыз», «Лениннің Кентауда өмір сүргенін естімеппіз», деп әзілдеген.

Аким

 

Загрузка...