Әкім Байбектің бір орынбасары ауысты

40 просмотров

Бауыржан Байбектің үкімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Болат Сауранбаев қызметінен босатылып, оның орнына Сұлтанбек Мәкежанов тағайындалды. Ол сәулет, құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылысын бақылау, жер қатынастары, метро құрылысы, автокөлік жолдары және қала коммуникациясы мәселелеріне жауапты болмақ. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

photo_64865

Сонымен қатар, ол мемлекеттік органдардың орталығы мен өңірдегі бөлімшелерінің, басқа ұйымдар мен облыстық жер қатынастарының, сәулет-қала құрылысы қызметін қадағалап, жобалық жұмыстарды сараптау, автокөлік жолдары мәселелерімен де шұғылданбақ.

Сұлтанбек Мәкежановтың омірбаяны:

  • Сұлтанбек Алмасбекұлы Мәкежанов 1961 жылы 26 қаңтарда Жамбыл облысы Мерке ауданында дүниеге келген.
  • Целиноград инженер-құрылыс институтын, Халықаралық еңбек академиясын тәмамдаған.
  • 1993-1998 жылдары — «Астана-банк» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, «Қазақинвест» корпорациясының вице-президенті.
  • 1998-2002 жылдары кәсіпкерлікпен айналысты.
  • 2002-2004 жылдары — Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі, аппарат басшысы.
  • 2004-2006 жылдары — «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппаратының жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған.
  • 2006-2010 жылдары — Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы.
  • 2010 жылдың желтоқсанынан бастап Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі.
Загрузка...