Қытай – қызық ел. Өйткені олар «Қытайдың ең әдемі көтені» деген байқау өткізген.
Сол байқауда топ жарған қыз – 19 жастағы Гао Цянь бір жағынан қуанады, екінші жағынан өзінің тым көлемді «жұмсақ жеріне» жыны келеді екен. Ол қысып тұратын шалбар кисе болды, көшедегі кез-келген адам оның артына бір қарамай өте алмайды.
«Көшеде жүре алмаймын, осы жұрт түк көрмегендей, менің құйрығымнан көзін алмайды»,
– дейді жылағандай күйде 19 жастағы бұл ару.
Гао Цянь — фитнес жаттықтырушысы болып жұмыс істейді. Мына бітімі – соның әсері. Әлгі байқауға қатысуға тыныш жүрмейтін құрбылары қоймай көндірген екен.
Әйтпесе, қандай болсын, жеңіс деген жақсы ғой! Енді бұл қытай қызы Бразилияға барып, ол жақтың қыздарымен құйрықтар байқауында бақ сынасып көргелі жүр. Хош, көре жатармыз…
https://kaz.365info.kz/e-ymbat-jry-zhala-ash-dzhej-lo-ny-sureti-lemdi-shulatuda-235950
Дереккөз: formulalubvi.com
Дайындаған: Аян Мырзабек