“Кешью” тобының әншісі Ақбота Сейітмағамбет желіде орынсыз пікір, жеке басқа тиісе жөнелетін желі қолданушыларына жауап қатыпты.
” Өзімшіл. Иә ол қыз өзімшіл. Бәріңізді түсінемін. Мені жек көретіндей,ақылға қонбайтын сөз айтатындай,мені балағаттайтындай,мен сіздерге ештеме жасағам жоқ! Мен сіздердің жеке өмірлеріңізге араласып немесе нандарыңызды тартып жеп отқаным жоқ!
Иә,түсінемін…Мүмкін сіздер ойлағандай біз “сүйексіз”болуымыз керек пе?Ауызға келгенді айтып,жүрекке тигенді доғарыңыздар!Мен парақшамды, сіздер сияқты ойы пасық адамдарға арнаған жоқпын!” депті Ақбота өзінің Инстаграм парақшасында.
Өз кезегінде желі қолданушыларының көпшілігі әншіге өзіне қатысты орынсыз сын айтатындар мен бойынан кемшілік іздейтіндерге мән бермеуге кеңес беріпті.
https://www.instagram.com/p/BKjBpBEAvxd/?taken-by=akbotanur_official