Керменбаев кастинг ұйымдастырып жатыр

42 просмотров

Мамыр айының соңында эстрадамыздағы аппақ жігіттердің бірі Нұржан Керменбаев «1000 сұрақ» әніне бейнебаян түсірген еді. Оны жарыққа шығармай жатып, екінші бейнеклипінің түсіріліміне кіріспек.

Бұл туралы gakku.kz хабарлайды.

Мұндай ақпаратты әншінің инстаграмдағы парақшасынан байқап қалдық. Онда Керменбаев кастинг ұйымдастырып жатқандығын жариялаған.

Құрметті ер азаматтар, талантыңыз болса аталмыш іріктеуден қапы қалмаңыздар. Айта кетейік, бейнебаян «Қара бала» әніне түсірілмек. Ол deep бағытында өңделген. Естеріңізде болса, Нұржан «мұндай бағытта ән салып жатқан алғашқы қазақстандық әншімін»,- деп мақтанған еді. Бейнеклип те өзгеше болар деген сенімдеміз.

Загрузка...