Келл Брук: Геннадий Головкинмен болатын жекпе-жекті асыға күтіп жүрмін

31 просмотров

Қазақстандық боксшы, WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен 10 қыркүйекте жұдырықтасатын Келл Брук өзінің «Твиттер» әлеуметтік желісінде алдағы болатын кездесуді асыға күтіп жүргенін жазды. 

«Лондонда Головкинмен шаршы алаңда болатын жекпе-жегімді асыға күтіп жүрмін», – деп жазды британдық боксшы аталған әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, бүгін Геннадий Головкин Келл Брукке қарсы жекпе-жектің баспасөз конференциясына қатысу үшін Лондонға ұшып келді. 

Дереккөз: khabar.kz

Загрузка...