Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Қалада жезөкшелікпен айналысыпты”. Келін түсірген отбасы оңбай опық жеді

444

https://kaz.365info.kz/syl-ym-yzdardy-uretti-zherine-massazh-zhasajtyn-zhigit-syrymen-b-listi-248019

Қыз алып қашып келген баланың аты Жомарт. Жағдайы қораш, ортан қол әулеттен шыққан бала еді. Қала көрмеген, оқымаған. Ауылда әркімге жалданып жұмыс істеп, бар тапқанын әке-шешесіне тасып жүргендердің бірі. Баласы бір түнде келін алып келген соң әке-шешесі шашылып қалды. Үй аралап қарыз сұрап, тойға соятын малды да қарызданып алып, әлек болды. Қолында түгі жоқ адамға той жасау оңай емес. Үлкен қарызға кірді. Байқұс әке-шеше қайтсін, қолдарынан келгенше той жасады. Қатыстық. Көрші болған соң құрметті қонақ болып, төрде отырдық. Тілек айттық.

Ер адамдарға ішіп-жеп, сүзіле қарағаны болмаса қыз бала көрікті екен. Аяқ-қолы балғадай, еркек біткен қызығатындай бар.

Талайды көрген, беті ашылған қыз секілді. Тым еркін. Той өте салысымен бұтына шорты киіп алып, аяқ-қолын жалаңаштап жүргені бір түрлі көрінді.

https://kaz.365info.kz/korgensiz-karla-kharlygash-degen-khyz-kastingke-keldi-video-18-328132

 

«Ұят-ай, мұнысы несі?» дескендерге Жомарттың әке-шешесі: «қала көрген қыз ғой. Не кисе де жарасады. Қақыларың болмасын», деген.

Жезөкшеде нең бар еді, құлыным!

Арада бірнеше күн өткен соң Жомарттың Алматыда үлкен қызметте істейтін ағасы келді. Тойға іссапарда жүріп келе алмаған екен. Ол қақпадан кіріп, үйге енісімен көрші үйде айқай-шу басталды. Бүкіл көрші-қолаң «не болып қалды?» деп елеңдеп той болған үйге құлақ түрді, шарбақтардан сығалап қарады.

Кеше ғана босағаны аттаған келін қашып қақпадан шықты. Артында Жомарт «Тоқташы Жанар. Тоқташы деймін. Ағам сені емес басқаны айтқан болар. Не болсаң да мен сені кешіремін. Кетпеші» деп айқайлап, жалынып қыздың соңынан жүгіріп барады. Жомарттың шешесінің жылағаны, шалының ақырғаны, ағасының боқтығы қаттырақ шыққан соң, көрші біткен сол үйге жүгіріскен. Жеткен бойда «не болды?» дестік.

https://kaz.365info.kz/khabatov-ajeline-khoj-de-tyrsynbektin-zhybajy-artykh-khylam-dep-tyrtykh-khyldy-313415

«Келін емес, кесапат! Масқара болдық. Өлгенім жақсы еді, бүйткенше» деп, Ағима шешеміз ағыл-тегіл жылап жүр.

«Ол қыздың бұзық екенін жалаңаш ойқастап жүргенінен-ақ біліп едім. Ел-жұрттың алдында абыройымызды төкті. Бетін көрмеймін, құртыңдар» деп шалы ақырып отыр.

Ақыры жөн сұраса келе оқиғаның мән-жайына қанықтық.

«Келін» деп түсіргеніміз қалада жезөкшелікпен айналысып жүрген қыз екен. Оны Жомарттың ағасы Ғалым айтты. Ол Алматыда үлкен жерде қызмет етеді. «Кей жағдайларды шешіп берші деп, жігіттер ара-тұра саунаға, бильярдқа шақырады. Онда белгілі, тек суға түсіп, арақ ішіп қоймайсың. Жігіттер «аға, алаңсыз демалыңыз» деп қыз шақырады. Інішектер сыйлап тұрған соң, амалсыз демаласың. Талай мәрте саунаға осы қызды ертіп әкеліп қойныма салған еді. Бұл қыз солардың әркімнің қойнына салып, керек етсе, өздері демалып жүрген жезөкшесі. Алматының талай саунасын, қонақ үйін адақтап жүрген атышулы жүргіш қыз. Енді келіп, қала көрмеген, ауылдан шықпаған, дұрыстап қызбен жүрмеген менің ініме түк болмағандай әйел болып кіріп алып отыр. Мен бұған жол бере алмаймын. Әне, сүмелек інім, артынан кетті қайтарып алып келемін деп. Ол қыз енді келмейді. Өйткені сыры ашылып қалды», деп күйінген Ғалым қолын бір сілтеген.

«Сұмдық-ай» деп жағамызды ұстадық

Бәрін қойшы, қайран әке-шеше қаншама қарызға кірді. Шашылды. Той жасады. Ақыры масқара болды.

Ал Жомарт қыз кеткен соң қиялданып біраз уақыт жүрді. Елге қарар беті қалмаған соң, ағасы жұмысқа орналастырамын деп қалаға алып кетті. Осылайша бір шіріген қыз бір шаңырақтың берекесін кетірді.

https://kaz.365info.kz/ol-nadan-bir-ystaz-tyrsynbek-khabatovtyn-maskharasyn-shygardy-video-307207

Мұны неге жазып отырмын. Дәл қазір тура осындай жағдайлар жиі болып жатыр. Сырын білмей қыз алып қашқан інішектер көп. Сырын білмей үйленудің соңы осындай масқара болуға жиі алып келуде.

Сондықтан болашақ жарларыңды әбден танып алмай шаңырақ көтермеңдер. Бұл өзге жұрт алдында масқара болудан да, орынсыз той жасап, артынан «дәт» деп қалудан да сақтандырады!

Алмат Қасымұлы

Бұл мақала ВК-дағы «Атамның басы-ай» тобында қызу талқыланып жатыр

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз