Келесі жылы Алматыда тағы 4 жолайырық құрылысы басталады

32 просмотров

Келесі жылы Алматыда тағы 4 жолайырық құрылысы басталады. Мамандар жаңа жолайырықтар көшедегі кептелісті 18 пайызға төмендетеді деп отыр.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жол құрылыстары Рысқұлов даңғылы және Емцов көшесінде, Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тас жолының қиылысында жүргізілмек. Сондай-ақ, Фурманов көшесі темір жолдың үстінен көпір арқылы Жансүгіров көшесіне дейін созылатын болады.

Қосымша көлік дәлізі қала орталығы мен солтүстік аудандарды жалғамақ. Қазіргі кезде әл-Фараби даңғылын қайта құру жобасы талқылануда, ал биылғы жылдың қыркүйек айында Рысқұлов даңғылы мен Сайын көшесінің бойындағы салынып жатқан жолайрықтарды тапсыру көзделген.

Загрузка...