Кейбір өңірдің мектептері күрделі жөндеу жұмысы үшін ақша таппай отыр — вице-министр

49 просмотров

Қазақстанда 7 мың мектеп бар болса, оның 500-ден астамы күрделі жөндеуді қажет етеді.

ҚР Білім және ғылым вице-министрi Эльмира Суханбердиева биыл 2,5 миллионннан астам оқушының мектепке баратынын мәлімдеді деп хабарлады Zakon.kz.

— Биыл алғаш мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндердің саны 370 мыңды құрайды. Жергілікті атқарушы биліктің келтірген деректеріне сүйенсек, жаңа оқу жылына 7 126 мектеп дайын.

Ал биыл тағы 92 жаңа мектепті қолданысқа бермекпіз. Оның 60-ы 1 қыркүйектен бастап есігін ашады, ал 2016 жылдың соңында қалған 32 жаңа мектеп өз жұмысына кірісуі тиіс. Алайда оның 11-і ғана мектеп санын толықтырады.

Ал қалғаны апатты жағдайдағы мектептердің орнын баспақ, — дейді вице-министр Астанада өткен арнайы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биыл қолданысқа берілгелі жатқан 31 жаңа мектеп үш ауысымды оқу мәселесін шешпек, ал 29-ы апатты жағдайдағы мектептердің орнын басады және 14-і тапшы оқушылар орнын қысқартпақ, ал бесеуі мектеп жоқ елді-мекендерден бой көтереді.

„526 мектеп күрделі жөндеуді талап етеді, ал 6600 мектепке биыл жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жазғы уақытта 373 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 5 745 мектеп жеңіл-желпі жөндеуден өтті. Ал күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген мектептер
Ақмола, Атырау, Карағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарына және Астана қаласына тиесілі», — деп атап өтті Эльмиара Сұханбердиева.

Сөз соңында вице-министр кейбір өңірлердің мектептері күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ақша таппай отырғанын атап өтті.

— Кейбір өңірлерде мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы толықтай қарастырылмаған.

Мысалы, Алматы облысында 48 мектеп күрделі жөндеуді талап етеді, бірақ оның бүгіндері 26-ы ғана жаңаланды. Шығыс Қазақстан облысында осы мәселеге зәру 68 мектеп бар, бірақ 60 мектеп қана күрделі жөндеу жүргізе алды.

Алматы қаласы мектептері үшін де осы мақсатта толық қаражат қарастырылмай отыр, — деді вице-министр.

Загрузка...