KAZKOM клиенттеріне Кеңес Рақышевтің өзі қызмет көрсетпек

26 просмотров

«Қазкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасы Кеңес Рақышев баспасөз мәслихаты барысында бір жұмыс күнін банк клиенттеріне қызмет көрсетуге арнайтынын мәлімдеді.

rakishev

Белгілі бизнесмен үнемі әлеуметтік желіден банк сервисі туралы елдің ой пікірін оқитынын жеткізді.

«Сервис… Фейсбуктан комментарийлерді оқыдым. Бұл жағынан біз біраз артта қалып қойыппыз. Клиенттердің біз туралы жағымсыз жазғанының өзі олардың бізден басқа банкке ауыспағанын көрсетеді. Қазір коммерциялық банктер өте көп. Бірақ, белгісіз себептерге байланысты біз оларды сағаттап күтуге мәжбүрлейміз», — деді директорлар кеңесінің басшысы.

Оның айтуынша, клиент еш жағдайда көп күтпеуі керек.

«Мен бұл мәселемен айналысамын. Тестілік режимде банктің қызметін жаңартамыз, жаңа дизайн, жаңа қызмет ұсынамыз.  Бұл үшін мен және Марк Хольцман, Абай Искандеров үшеуіміз банк клиенттеріне бір күн қызмет ететін боламыз. Клиент біз үшін ең басты басымдыққа ие», — деді  К.Рақышев.

Загрузка...