«Казахстанская правда» газетінің жаңа басшысы тағайындалды

63 просмотров

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасын таныстырды. Ол — Вячеслав Пащенко.

 

Министр бұрынғы басшы Александр Тараковқа жемісті еңбек еткені үшін алғыс білдіріп, оның «Казахстанская правда» жүйесінде төраға орынбасары болып қалатынын мәлімдеді.

«Сіздердің алдарыңызда үлкен міндет тұр. Сіздерді елдің экономикасы мен саясатына ықпал ететін аудиторияның оқығаны маңызды», — деп атап өтті Дәурен Абаев.

Загрузка...