Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

KATEV: Біздің Фетуллах Гүленге қатысымыз жоқ

– Фетуллах Гүленмен ешқандай, қаржылық та байланысымыз жоқ. Бірақ интернет арқылы Фетхулла Гүленді бәрі біледі ғой. Философ ретінде, осы дүниежүзінде ашылып жатқан мектептердің кезінде бір жақсы пікірлері болған шығар. Бірақ Қазақстандағы мектептер Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркияның бұрынғы президенті Тұрғұт Өзалдың келісім-шарты бойынша ашылған мектептер. Мұны Фетхулла Гүлен немесе Сүлеймен Демирел, немесе Режеп Ердоған келіп ашқан жоқ. Гүленнің кітаптары мен ілімдерін де оқытпаймыз, – дейді Нұрбол Төлебаев.

Түркияда болмай қалған мемлекеттік төңкеріс әрекетіне Анкара АҚШ-та тұратын теолог Фетхулла Гүленді айыптаған. Көп ұзамай Түркия билігі Орталық Азия елдері биліктерінен «гүленшіл» дейтін оқу орындарына деген «көзқарасын өзгеруді талап етіп», «гүленшілердің төңкеріс жасау пиғылы барын” ескерткені туралы мәлімдей бастаған. Соңғы жылдары кей елдерде түрік оқу орындары жабыла бастаған.

Анкараның Фетуллах Гүленге қатысты талабын Қырғызстан сыртқы істер министрлігі «мемлекеттіміздің ішкі ісіне араласу» деп білетінін мәлімдеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз