Браконьерлік іс-қимылдың жолын кесу, Каспий теңізінің биоресурстарын қорғап, сақтау бағытында жүргізіліп жатқан жедел-сауықтыру іс-шарасының ІІ-кезеңі жалғасу үстінде.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Біріккен іс-шара барысында қазақстандық шекарашылар өткен тәулік ішінде еліміздің 3 азаматын ұстады, сонымен қатар «Казанка», «Будара» деп аталатын 3 және 2 жүзу құралы, 3 қозғалтқыш, 150 данадан астам бекіре тұқымдас балық, 3 мың метрден астам тор, 2 500 метр калад, 125 дана қармақ тәркіледі.