Каспий теңізіне батып кеткен әскерилерге қатысты бес әскери қызметкер сотты болмақ

27 просмотров

Каспий теңізіндегі әскери жаттығу кезінде БТР-мен суға кеткен әскерилер ісіне қатысты 5 әскери сотқа тартылады.

Бұл іс 10 күннен кейін Ақтау горнизонының Әскери сотына жолдануы керек.

Бұл туралы бүгін ҚР Әскери сотының төрағасы Сәкен Абдуллаев мәлім етті деп хабарлайды Қазақстан Жаңалықтары.

«Біздің құлақтанған мәлімет бойынша, 5 адам жауапқа тартылады. Олар — басшысынан басталатын әскери қызметкерлер. Олардың қолына ешқайда кетпеу туралы қолхат табыс етілген. Қамауға алынған жоқ„ — деді ол сәрсенбі күні Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтен соң агенттікке берген пікірінде.

Ал бұл арада заңның қандай бабы туралы сөз болып жатыр деген сауалға Әскери соттың төрағасы жауап бере алмаған.

Еске сала кетейік, 2015 жылы 18 қыркүйекте «Орталық-2015» оқу-жаттығуы кезінде Ақтауда теңіз десантын суға қондыру іс-қимылдарын жасау кезінде 6 БТР-80 теxникасы мен 52 әскери қызметші теңізге шыққан болатын. Қатты желден және толқындардың жоғары көтерілуінен төрт БТР суға кетті. Екеуі өздерінің күшімен шықты. 4 сарбаз қаза тапты.

Алдын ала жүргізілген тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов „Батыс„ өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Мұрат Нұғмановты, оның бірінші орынбасары, штаб бастығы, полковник Ризат Қолпашевты,қолбасшының ұрыс дайындығы жөніндегі орынбасары, полковник Мерген Қапашевты, теңіз пехотасы бригадасының командирі, подполковник Ерболат Толықбаевты қызметтен шеттету туралы шешім қабылдаған.

Загрузка...