Канелоны промоутерлері қорғаштап отыр — Мартинес

34 просмотров

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы аргентиналық Серхио Мартинес WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес жекпе-жегінің биыл өтпеуіне байланысты пікір білдірді.

Мартинестің айтуынша, бұл жекпе-жек таяудағы 4-5 жылда өтпейді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

«Мен Канелоның неліктен титулдан бас тартқанын білмеймін. Бірақ мен бұл жекпе-жектің ешқашан болмайтынын білемін. Ең көп дегенде, 4-5 жылдың ішінде өтпейді. Жекпе-жек болмайды, себебі ол Golden Boy үшін тиімді емес

— деді Мартинес FighthubTV арнасына берген сұхбатында.

— Мен боксшылардың расында да бір-бірімен жекпе-жекке шыққысы келетінін сезіп тұрмын, бірақ промоутерлер өз боксшыларын қорғап қалғысы келіп отыр. Меніңше, бұл қисынды себеп».

Еске салайық, осыған дейін тараптар бұл жекпе-жекті биылғы мамыр айынан бастап талқылапты, алайда келіссөздердің кезекті раундынан кейін оны келесі жылға шегеріп қоюға келісіпті.

Загрузка...