Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Канело» Головикинді Мексикада жұдырықтасуға шақырды

450_572eb7ef7d756

 

АҚШ-та  бокс кешінің негізгі жекпе-жегінде Альварес британдық боксшы Әмір Ханмен кездесіп, 6-раундта өз қарсыласын нокаутпен жеңді. Осылайша, мексикалық Сауль «Канело» Альварес WBC атағын қорғап алды. Бұл белбеудің негізгі әрі міндетті үміткері – Геннадий Головкин.

Жекпе-жектен кейінгі сұхбат барысында HBO арнасының комментаторы Макс Келлерман WBC чемпионы Сауль «Канело» Альварестен GGG-мен кездсеуге қаншалықты дайын екенін сұрады. Оған «Канело»: «Мен оны Мексикаға шақырамын. Сол жақта рингте кездесейік. Мен ешкімнен қорықпаймын. Мексикада кездесіп жұдырықтасайық», – деп мәлімдеді.

Айта кеткен жөн, Геннадий Головкин осы жекпе-жекті бапкері Абель Санчеспен бірге келіп тамашалады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз