Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
8
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Калеева: Қазақстанға БАҚ туралы жаңа сапалы заң керек

Калеева бұл туралы Қазақстан ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевқа жазған ашық хатында айтты. Ашық хат “Әділ сөздің” сайтында жарияланды.

Калееваның пікірінше, заңға енгізуді жоспарлаған өзгерістер арқылы журналистерге “іс жүзінде орындалмайтын” міндеттер қойылмақ.

“Бізге БАҚ туралы, қалай жазу, бақылауға алу, қорқытып, жазалауды үйретпейтін жаңа сапалы заң әлдеқашаннан керек” дейді Калеева. Оның сөзінше, БАҚ туралы жаңа заң “қазақстандық басылымдарда шынайы бәсекелестік тудырып, шығармашылыққа ынталандыруы және қоғамдық пікір тудырып, оны көрсетуге мүмкіндік жасауы тиіс.

Zakon.kz сайтында жарияланған заң жобасы туралы ақпарат бойынша, журналистер ақпараттың шынайылығын тексеруге және жеке адамның өмірі мен жеке бас мәліметтерін жариялауға рұқсат алуға міндеттеледі. Сонымен қатар заң жобасында тұтыну контентімен және жеке бас мәліметтерімен жұмыс істегенде, оның ішінде комментарий және оқырманға хат жазғанда заңды сақтауға қатысты өзгеріс енгізу қарастырылған.

Заң жобасы авторларының пікірінше, БАҚ туралы заңға ұсынылған өзгерістер “журналистердің әлеуметтік жауапкершілігі мен ақпарат саласында құқықтық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді”.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз