Көзі жойылған лаңкестердің тізімі жоққа шығарылды

75 просмотров

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті Инстаграм әлеуметтік желісінде пайда болған видеомәлімдемеге қатысты пікір білдірді. Құзырлы орган Данияр Уайысовтың көзі жойылған лаңкестер тізіміне енгізілгенін жоққа шығарды.

Инстаграм әлеуметтік желісінде zello_aktobe тобында ақтөбеліктің видеомәлімдемесі пайда болған еді. Онда Данияр деген бозбала өзінің аты-жөнін көзі жойылған лаңкестердің тізіміне енгізгені үшін құқық қорғау мекемелері кешірім сұрасын деп талап еткен.

— Бейнежазбадағы ақтөбеліктің қолындағы суреттері бар тізімді біз әзірлеген жоқпыз және оны әлеуметтік желілерге таратқан емеспіз. Тізімде zello_aktobe тобының қолтаңбасы бар. Ақтөбеліктердің бірі бұл тізімді өздері жасап, оған Данияр Уайысовты енгізді деп ойлаймын. Біз мұндай сараптама жасамадық. Кімнің көз жұмғаны, кімнің жарақаттанғаны туралы ақпаратты журналистерге таратпадық, — деп мәлімдеді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ардагер Уайдин.

Загрузка...