Кәсіпкердің орнына шатасып басқа адамды өлтірген киллер сотталды

23 просмотров

Өскемен соты бес жыл бұрын жасалған атышулы іске нүкте қойды. Ол кезде қиллерлер «Нұр Отан» партиясының өкілі Валерий Проскуряковты кәсіпкермен шатастырып, өлтіріп кеткен болатын. Адам өлтіруге тапсырыс берушіге қатысты сот үкім кесті.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Валерий Рыбаков бірнеше жыл бойы іздеуде жүріп, жақында ғана қолға түскен болатын. 2011 жылы ол таныстарынан 4 миллион долларды қарызға берген адамды сабауды сұраған. Бірақ бұзақылар кәсіпкерлі партия қызметкерімен шатастырып, оны атып кетіпті. Киллерлер көп ұзамай қолға түсіп, 15 және 20 жылжан арқалап кетсе, тапсырыс берген Рыбаков Ресейде жасырынған.

Соңғы 5 жыл бойы ұстатпаған ол енді алдағы 16 жыл өмірін темір торда өткізуі тиіс. Бірақ сотталушының өзі адам өлтіруді сұрамағанын айтып отыр. Оның сөзінше, бұзақылар кәсіпкерді өлімші етіп сабауы керек болған.

Валерий Рыбаков, сотталушы:

– Маған ешкім нұсқау берген жоқ, өзім де адамды өлтіріңдер деп айтпадым. Болған оқиғаны кездейсоқ деп айтуға болады. Мен жалдаған жігіттер сабап кетудің орнына адамды атып тастады. Онда да адамдарды шатастырып алған. 

 

Загрузка...