Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Көшпенділер ойындары-2016: Қазақстан құрамасы жүлде алған спорт түрлері

112

КӨКПАР:

8 қыркүйек күні көшпенділер арасында өткен байрақты бәсекеде алтын жүлде үшін қазақ көкпаршылары Қырғызстан құрамасымен сынға түсті.

Жарыс қорытындысы:

1 орын – Қырғызстан құрамасы

2 орын – Қазақстан құрамасы

3 орын – Қытай құрамасы

АУДАРЫСПАҚ (ЭР ЭҢИШ):

7 қыркүйек күні ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан (эр эңиш) ақтық сайыс өтті. Қазақ спортшылары 2 алтын және 1 күміс жеңіп алды. Аталмыш жарысқа 25 мемлекет қатысты. Олардың қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Қытай, Венгрия, Моңғолия, Ауғанстан және т.б. мемлекеттер болды. Спортшылар 70 келі, 90 келі және 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Ерлер 70 келі:

1 орын – Бузурманкул уулу Калыбек – Қырғызстан

2 орын – Ерназар Байғоноев – Қазақстан

3 орын – Акат Дуйшон уулу – Қытай

Ерлер 90 келі:

1 орын – Сырым Ізбасаров – Қазақстан

2 орын – Маратбек Алтымышев – Қырғызстан

3 орын – Башан Мухбили уулу – Қытай

Ерлер +90 келі:

1 орын – Біржан Қосалиев – Қазақстан

2 орын – Қанатбек Алпанов – Қырғызстан

3 орын – Ташқұрғани Гұлбодин – Ауғанстан

АТ ЖАРЫСЫ:

ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы күні Чолпан-Ата қаласындағы жаңа ипподромда ат жарысы өз мәресіне жетті. ( 1600, 2400 қашықтық құнан жарысы, ат жарысы, жорға жарыс, жұмсақ жарыс )

Жарыс қорытындысы:

«Ат жарысы» (22 000 қашықтық, 10 айналым):

1 орын – Исфалан, ат иесі Серик Маймақов, шабандоз Шермат Серіков (Қазақстан)

2 орын – Шахризад, ат иесі Мұрат Өсербаев, шабандоз Сағымбекұлы Акбар (Қазақстан)

3 орын – Хабар, ат иесі Айбек Сатыбалдиев, шабандоз Бегалы (Қырғызстан, Шу облысы)

4 орын – Карат, ат иесі к/з Али Аскар Ата, шабандоз Давлет Абыкеев (Қырғызстан, Шу облысы)

5 орын – Кара-Байыр, ат иесі Ильгиз Идрисов, шабандоз Жакшылык Сагынов (Қырғызстан, Шу облысы)

6 орын – Тан – Сулуу, ат иесі Жакшылык Колбаев, шабандоз Тургунаалыуулу Эркин

7 орын – Атлетика, ат иесі Кубатбек Арзбаев, шабандоз Нургазы уулу Калыс (Қырғызстан, Ош облысы)

Жұмсақ ат жарысы (2400 қашықтық):

1 орын – Файдинг Даймондс; Мамбетайтов Турсуналы, шабандоз Каныбек уулу Абаскан (Қырғызстан, Нарынская обл.)

2 орын – Роял Тюлип; Жунусов Аликбек, шабандоз Шаршенбаев Нурдан (Қырғызстан, Нарын обл.)

3 орын – Присаннела; КСК «Каз Ат», шабандоз Еділ Құсайынов (Қазақстан)

МАС-РЕСТЛИНГ:

4 қыркүйек күні әйелдер мен еркектер арасында мас-рестлингтан сайыс өтті. Жарыс Чолпан-Ата қаласындағы физикалық-сауықтыру кешенінде болды.

Бұл жарысқа 191 спортшы қатысты. Оның 49-ы әйел. Сайысқа 32 елдің 33 командасы қатысты. Әйелдер 5, ерлер 7 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Жарыс қорытындысы: 65 келі:

1 орын – Марина Федоренко (Ресей)

2 орын – Элмира Эзыями (Қазақстан)

3 орын – Милена Трофименко (Өзбекстан)

3 орын – Клаудия Вьежорек (Польша)

85 келіден жоғары:

1 орын – Татьяна Григор (Ресей)

2 орын – Айчурек Эргашева (Қырғызстан)

3 орын – Иванна Михайлюк (Украина)

3 орын – Сураи Шаропова (Қазақстан).

Ерлер: 80 келі:

1 орын – Анатолий Гладков (Ресей)

2 орын – Карен Мартиросян (Армения)

3 орын – Султан Агаев (Əзербайжан)

3 орын – Роман Григорьев (Қазақстан)

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ:

4 қыркүйек күні ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ерлер арасында қазақ балуандары жарыс жолына шықты. Жарысқа 21 мемлекеттен 60 балуан қатысты.

Қазақстан құрамасынан 5 спортшы ел намысын қорғады.

Айта кетейік, бұл сайыс түрінен жалпы 20 жүлде: 5 алтын, 5 күміс және 5 қола жүлде сарапқа салынды.

Жарыс қорытындысы:

60 келіге дейінгі салмақ:

1 орын – Талғат Шегенов (Қазақстан)
2 орын – Айдын Мұхтаров (Қырғызстан)
3 орын – Отгон Чинбат (Моңғолия)
3 орын – Гурбанязов Батыр (Түрікменстан)
70 келіге дейін:

1 орын – Әділет Сейілханов (Қазақстан)
2 орын – Мирлан Эралиев (Қырғызстан)
3 орын – Ильяс Момунов (Түрікменстан)
3 орын – Эмиль Хасанов (Әзербайжан)

80 келіге дейін:

1 орын – Дəулет Пахриденов (Қазақстан)
2 орын – Байрамов Вугар (Əзербайжан)
3 орын – Хамроз Рачабов (Тəжікстан)
3 орын – Шатман уулу Эсенбек (Қырғызстан)

90 келіге дейін:

1 орын – Закарияев Сұңғат (Қазақстан)
2 орын – Бахтияр Аббасов (Әзербайжан)
3 орын – Сердар Жоракулыев Сердар (Түркменстан)
3 орын – Мирбек Бекжанов (Қырғызстан)

90 келіден жоғары:

1 орын – Рустем Арсланов (Ресей)
2 орын – Еламан Ергалиев (Қазақстан)
3 орын – Анар Дорж (Моңғолия)
3 орын – Камран Ростами (Иран)

ГҮЛЕШ (ӘЗЕРБАЙЖАН КҮРЕСІ):

5 қыркүйек күні Чолпан-Ата қаласындағы физикалық сауықтыру кешенінде қазақ балаундары гүлеш күресінен сынға түсті.

Жарысқа 13 елден келген (Қазақстан, Ресей, Шриланка, Қырғызстан, Пəкістан, Әзербайжан, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан, Беларусь, Тәжікістан, Моңғолия және Латвия) 44 спортшы қатысты. Сайыста 24 медаль: 6 алтын, 6 күміс және 12 қола жүлде сарапқа салынды.

Гүлеш күресінде қазақ елінің намысын қорғаған Ерсұлтан Мұзаппаров (80 келі) күміс жүлде алса, Дидар Сəтбаев (60 келі) қола жүлде еншіледі.

Жарыс қорытындысы:

60 келі:

1 -орын – Галиб Әлиев (Әзербайжан)

2 -орын – Махмудов Ахлиорбек (Өзбекстан)

3 -орын – Сатбаев Дидар (Қазақстан)

3- орын – Илфак Ибатилин (Ресей)

80 келі:

1 -орын – Исрафилли Бахтияр (Әзербайжан)

2 -орын – Музаппаров Эрсултан (Қазақстан)

3 -орын – Фейзи Махди (Иран)

3 -орын – Жанис Рериш (Латвия)

Айта кетейік, гүлеш – Әзербайжан ұлттық күресі. Команда құрамына – 8 адам: 6 спортшы, 1 жаттықтырушы және 1 төреші. Сайыс ерлер арасында 50 келі, 60 келі, 70 келі, 80 келі, 90 келі, 90 келі + салмақтар дәрежесі бойынша өтеді. Жарысқа жасы 18-ден асқан балуан қатыса алады.

ҚЫРҒЫЗ КҮРЕСІ:

6 қыркүйек күні ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғыз күресінен сынға түскен қазақ балуандары 3 күміс, 1 қола жүлдені еншіледі.

Атап айтсақ, Айтқали Әділбек (60 келі), Қуаныш Искаков (66 келі), Сұңғат Закарияев (90 келі салмақтан жоғары) күміс медаль алса, Дауылбай Оспан (50 келі) қола медаль еншіледі.

Жарысқа әлемнің 26 елінен келген 121 спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы:

55 келі:

1 орын – Тынчтыкбек уулу Бекзат (Қырғызстан)

2 орын – Ибатуллин Илфак (Ресей)

3 орын – Гарипов Риназ (Татарстан)

3 орын – Оспан Даулбай (Қазақстан)

60 келі:

1 орын – Алыбеков Сымбатбек (Қырғызстан)

2 орын – Айткалы Айылбек (Қазақстан)

3 орын – Элиазов Фарид (Əзербайжан)

3 орын – Отгон Чинбат (Моңғолия)

66 келі:

1 орын – Садыбеков Зиямидин (Қырғызстан)

2 орын – Ысқақов Қуаныш (Қазақстан)

3 орын – Халигурбанов Медет (Түрікменстан)

3 орын – Мавлияров Артур (Башқұртстан)

96 келі:

1 орын – Кожобеков Нурбек (Қырғызстан)

2 орын – Закиряев Сұңғат (Қазақстан)

3 орын – Шарипов Хуршед (Тəжікстан)

3 орын – Олзвол Гантумур (Моңголия)

АЛЫШ КҮРЕСІ (ЕРКІН ТҮРІ):

7 қыркүйек күні көшпенділер ойындарында қазақ балуандары алыш күресінің еркін түрінен сынға түсіп, құраманың қоржынына 6 медаль салды. Бұл жарысқа 15 мемлекеттің спортшылары қатысты.

Жарыс қорытындысы:

Ерлер – 60 келі , 70 келі, 80 келі, 90 келі, 100 келі, +100 келі.

Әйелдер – 55 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 75 келі, +75 келі.

Әйелдер:

65 келі:

1 орын – Гулнар Хажитбаева – Түрікменстан (1985)

2 орын – Сабира Мырзағалиева – Қазақстан (1993)

3 орын – Лала Гюлбалаева – Əербайжан (1997)

3 орын – Ольга Колпакова – Беларусь (1993)

75 келі:

1 орын – Насиба Суркиева – Түрікменстан (1982)

2 орын – Мариям Ахмеди – Иран (1982)

3 орын – Назгиз Ибрагимова – Əзербайжан (1984)

3 орын – Мереке Құдайбергенова – Қазақстан (1993)

75 келіден жоғары:

1 орын – Светлана Туба Уна – Сербия (1994)

2 орын – Нагира Сарбашева – Қырғызстан (1989)

3 орын – Жолзаргал Дагвадорж – Моңғолия (1992)

3 орын – Гүлнар Амантаева – Қазақстан (1993)

Ерлер:

60келі:

1 орын – Чатлук Джуманазаров – Түрікменстан (1991)

2 орын – Дидар Сəтбаев – Қазақстан (1995)

3 орын – Данил Биктимиров – Ресей (1981)

3 орын – Эрланбек Мырзбеков – Қырғызстан (1994)

80 келі:

1 орын – Ерсұлтан Мұзапаров – Қазақстан (1994)

2 орын – Камолиддин Манкамов – Өзбекстан (1989)

3 орын – Игорь Беслеага – Молдавия (1991)

3 орын – Исер Мохаммедиростамы – Иран (1989)

90 келі:

1 орын – Гюлич Жумаев – Түрікменстан (1988)

2 орын – Аваз Заден Давуд – Иран (1986)

3 орын – Алдос Кулманбетов – Қазақстан (1994)

3 орын – Оливейра Габриэль Руска – Бразилия (1995)

АЛЫШ (КЛАССИКАЛЫҚ ТҮРІ):

8 қыркүйек күні Чолпан-Ата қаласында өткен ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы күні алыш күресі классикалық түрінің жарысы өз мәресіне жетті. Қазақ балуандары 1 алтын, 2 күміс және 1 қоланы жеңіп алды.

Бұл сайыста жаһанның 140 елінен келген 30 мемлекет қатысты.

Жарыс қорытындысы:

Әйелдер арасында:

65 келіге дейін:

2 орын – Сәбира Мырзағалиева (1993)

75 келіден жоғары:

3 орын – Гүлнəр Амантаева (1993)

Ерлер арасында:

60 келіге дейін:

1 орын – Дидар Сәтбаев (1995)

100 келіге дейін:

2 орын – Нұрланұлы Бекбол (1994)

ҚЫРШЫН ЖАЙЛАУЫ:

САЛБҰРЫН:

7 қыркүйек күні Қыршын жайлауында аң аулау Салбұрын жарысынан сайыс аяқталды.

Бүркітшілер жарысында Ресей, Моңғолия, Қазақстан, Өзбекстан және Италиядан келген 14 спортшы қатысты.

Бүркіт салу жарысының қорытындысы:

1 орын – Айбек Сағынбаев – Қырғызстан

2 орын – Шыңғыс Дыйканов – Қырғызстан

3 орын – Жалғаз Әкімбеков – Қазақстан

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ:

7 қыркүйек күні «Ыстықкөл Аврора» шипажайында интеллектуалдық ойын түрі тоғызқұмалақтан және мангаладан жалпыкомандалық есеп бойынша жарыс өз мәресіне жетті.

Тоғызқұмалақ жарысына әлемнің 52 елінен келген спортшылар қатысты. Атап айтсақ, бұл ойын түріне Антигуа және Барбуда, Қытай, Моңғолия, Саха (Ресей), Алтай (Ресей), Ресей, АҚШ, Швейцария, Оңтүстік Корея, Венгрия, Италия, Чехия, Польша, Германия, Колумбия, Израиль, Өзбекстан, Польша, Түркия, Түрікменстан, Хакасия (Ресей) және Қырғызстан сынды мемлекеттер қатысты.

Командалық есепте Қазақстан құрамасы тоғызқұмалақтан жеңімпаз атанды.

Ал жекелей сында Әсел Далиева алтын алса, Нұрбек Қабиев және Диана Кенина қола жүлдені еншіледі.

Тоғызқұмалақтан жарыс қорытындысы (жекелей сында):

Әйелдер арасында:

1 орын – Əсел Далиева – Қазақстан

2 орын – Аида Керімбекова – Қырғызстан

3 орын – Диана Кенина – Қазақстан

Ерлер арасында:

1 орын – Анарбек Джамакеев – Қырғызстан

2 орын – Құбан Сазаев – Қырғызстан

3 орын – Нұрбек Қабиев – Қазақстан

Тоғызқұмалақтан жарыс қорытындысы (командалық есепте):

1 орын – Қазақстан (ерлер арасында)

2 орын – Моңғолия (ерлер арасында)

3 орын – Қырғызстан (ерлер арасында)

1 орын – Қазақстан (әйелдер арасында)

2 орын – Қырғызстан (әйелдер арасында)

3 орын – Оңтүстік Корея (әйелдер арасында)

Сонымен қатар, шипажайда мангаладан (түріктің ұлттық ойыны) командалық есепте жарыс аяқталды. Бұл ойынға 11 спортшы қатысты.

Мангаладан жарыс қорытындысы (жекелей сында):

Әйелдер арасында:

1 орын – Гүлжамал Сарикеева – Қырғызстан

2 орын – Әзиза Жамансартова – Қырғызстан

3 орын – Әсел Далиева – Қазақстан

Ерлер арасында:

1 орын – Құбаныч Ибраимов – Қырғызстан

2 орын – Акылбек Касымов – Қырғызстан

3 орын – Тілеке Кенжетай – Қазақстан

Мангаладан жарыс қорытындысы (командалық есепте):

1 орын – Қырғызстан (ерлер мен әйелдер арасында)

2 орын – Қазақстан (ерлер мен әйелдер арасында)

3 орын – АҚШ (әйелдер арасында)

3 орын – Оңтүстік Корея (ерлер арасында)

Айта кетейік, 3-8 қыркүйек аралығында өткен ІІ Дүниежүзілік көшпенділер жарысына 58-ден астам елдің 600-ге тарта спортшысы қатысты. Олар 23 спорт түрінен бақ сынады. Халықаралық іргелі шара туралы жаһанның 35 елінен көптеген белгілі ақпарат құралдары хабар таратты. Дүбірлі додада Қазақстанның намысын 21 спорт түрінен 75 спортшы қорғады.

Кейбір спорт түрлерінен алынған жүлделер жалпыкомандалық есепте есепке алынбайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз