Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Күшік күйеу деген осы! Жаман әйелге тап болған бір еркектің 40 жылы босқа кетіпті

299

Оның айтуынша, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов болмағанда, ол әлі де жындылар санатында жүрер еді.

Есалаң құсатып есеңгіреткен ұзақ жылдарғы жайттан кейін енді ғана есін жиған ел ағасы бұл оқиғаны жергілікті басылымға әңгімелеп берді деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

1976 жылы Елубай аға Алматыдағы КазГУ-дің “Психология және педагогика” мамандығын тәмамдаған. Оқуын бітіре салысымен, туған өңірі – Павлодарға қайтып келіп, осындағы пединституттың ассисенті болады.

„Павлодарға келгеніме 4 ай болғанда Алматыдан мені бір қыз іздеп келді. Біз онымен небәрі 4 күн таныс болған едік, бірақ ол сонау алыстан мен үшін ат арылтып жетіпті. Біз үйлендік, сөйтіп, оның туған-туыстарына жақынырақ Атырауға көшіп бардық. Сол жаққа барған соң біздің кикілжіңіміз басталды.

Мен ажырасып, Павлодарға қайтуды ұйғардым. Бірақ мені әйелім Атыраудағы жындыханаға жаптырып тастады. Маған “Шизофрения” деген диагноз қойылды.

Жындыханадан қанша шыққым келсе де ол мүмкін болмады. Басында үйіме жіберіп жүрді, артынан әйелім де ат-жібін үзіп, жындыханаға 10 жылға бір-ақ тықты. Тағы 5 жылды Павлодардағы диспансерде өткіздім„ – дейді зейнет жасындағы ер адам.

Кейіннен Мәскеуге үш рет барып қаралған соң КСРО Денсаулық сақтау министрлігі Атырау ауруханасының қорытындысы дұрыс еместігін нақтылап, айғақтайды. Яғни, үшінші ретте ғана онда шизофрения жоқтығы дәлелденеді.

Ол үшін Армашев Мәскеудегі клиникада екі жыл жатады. Сонымен қатар әділдіктің орнауына белгілі қоғам қайраткері, „Невада-Семей„ қозғалысының негізін қалаушы Олжас Сүлейменов көмектесіпті. Ол сол кезде КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып тұрыпты.

– Бұл болған жайттардан соң мен қайда бармадым деңізші, бірақ маған ешкім көмектеспеді.

Прокуратураға жаздым, олар мені сотқа жіберді, ал сот арызымды учаскелік инспекторға қайтарып беріпті. Өмірімді күл-талқан еткен дәрігерлер маған өтемақы төлесін.

Ер адамның адвокаты Елубай Армашев сот арқылы Атырау облыстық психоневрологиялық диспансерінен 1 миллион теңге өтемақы төлеуді талап етпек ниетте екенін жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз