Әлеуметтік желіні қолданушылар Атырауда үлкен шалшық суға шомылып жүрген екі баланы түсірген видеоны интернетке жариялады.
Автокөліктің ішінен түсірілген бейнежазбада шалшық суды кешіп жүрген екі жеткіншектің бірі суға басымен қойып кетеді. Бірнеше минут жүзгеннен кейін ғана балақан шалшық судан басын шығарады.
Сәуірден бастап Ақтау, Атырау және Жаңаөзен өңірлерінің атқарушы билігі аумақтағы қызыл су салдарымен күресіп келеді. Ал бейнежазбадағы көшені басып қалған шалшық су толассыз жауған нөсерден соң пайда болған. Бұған байланысты Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті жедел іс-қимыл штабын құрған.
https://www.instagram.com/p/BFfaMxSFz7r/