Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Көше атауын дұрыс айтпаған автобус кондукторларына айыппұл салынатын болды

Қазір қала көшелеріндегі жарнама бетіндегі өрескел қателерден көз алып қашу мүмкін емес. Жеке кәсіпкерлердің қарамағындағы ғимарат маңдайшаларындағы жазу қателігі ешқандай да заң аясына сәйкес келмейді дейді жауаптылар.

Жиналғандар бірауыздан осы олқылықтардың орын толтырып, мемлекеттік тілде дұрыс сөйлеп, дұрыс жазуды талап етіп отыр.

Екінші мәселе қоғамдық көлікте тілдерін бұрап сөйлейтін кондукторлар турасында болды. Қазақтың танымал адамдарының тегіне «а» жұрнағын қосып айтуға тілдері машықтанып қалған. Оның дұрыс аталауын іздеп немесе қызығушылық танытып жатқан жан жоқ.

Ендігі заң жобасы аясында көше атауын дұрыс атамаған азаматқа айыппұл салынып, 10-20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша төлейді. Ол дегеніңіз — 20-40 мың теңге.

– Бізді, әсіресе қынжылтып отырғаны — Ахмет Байтұрсынов, Дінмұхамед Қонаев және Тұрар Рысқұлов секілді белгілі тұлғалардың аты берілген көшелерді орысша айтуы. «Кунаева, Рыскулова» дегенді көп естиіміз. Ал өскелең ұрпақ жастар асыл азаматтарды әйел екен деп қалады, – дейді облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқарма басшысының орынбасары Қасым Ағабеков.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз