Кәрімовтың орнына кім отырады?

235 просмотров

Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік деңгейінде жалғаса береді.

Бұл пікірді ҚазАқпарат тілшісіне Әлемдік экономика және саясат институтының сыртқы саясат бойынша сарапшысы Жұмабек Сарабеков білдірді.

«Меніңше, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы саяси байланыстардан айта қоярлықтай өзгерістер күтудің қажеті жоқ. Өйткені, Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өз халқына құттықтауын 1 қыркүйекте жолдады. Маған ол елдің 25 жылда жүріп өткен жолын қорытындылау және болашаққа жасалған үндеу сияқты көрінді. Дәл осы құттықтауда Өзбекстан басқа елдердің ішкі ісіне араласпау, өзге елдердің егемендігін құрметтеу, өзге елдің аумағында әскери база ұстамау, басқа елдерге өзбек елінің қарулы күштерін жібермеу саясатын ұстанатындығы айтылған. Демек, Өзбекстанның жалпы Орталық Азияға қатысты ұстанып отырған саясатында, жақын арада қандай да бір өзгеріс бола қоймайды. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынас та стратегиялық серіктестік деңгейінде жалғаса береді», – дейді сарапшы.

Сарабеков Өзбекстанның келесі президенті ең алдымен ішкі мәселелерді шешуге ден қоятындығын атап өтіп, И.Кәрімовтің мұрагері кім болуы мүмкіндігіне қатысты өз жорамалымен де бөлісті.

«Қазір екі адамның есімі аталады. Оның бірі – Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Ш.Мирзияев, ал екіншісі – вице-премьер әрі Қаржы министрі Р.Азимов. Қазіргі уақытта сарапшылар арасында да, ақпараттық кеңістікте де Шавкат Мирзияевтің мүмкіншілігі мол деген пікір қалыптасқан және мұнымен келісуге болады. Себебі, Ислам Кәрімовті жерлеу рәсімін ұйымдастыру жөніндегі Мемлекеттік комиссияны кім басқарса, соны, әдетте, келесі президент ретінде көруге болады. Бұл ретте ішкі элита арасында өзара келісімнің болатыны анық. Ал жерлеу рәсімін ұйымдастыруды Шавкат Мирзияев басқарғандығы белгілі. Демек, бұл жайт оның ішкі элитамен белгілі бір келісімге қол жеткізгендігін байқатады. Бұл факт келесі президент Ш.Мирзияев болады деген тұжырымды күшейте түседі», – деді Сарабеков.

shavkat

Загрузка...