Кәрімовтің қызы әкесінің сауығып кетуін тілеушілерге өз ризашылығын білдірді

62 просмотров

Өзбекстан президентінің кіші қызы Лола Каримова-Тилляева әкесінің тез сауығып кетуін тілеп, көңіл білдіріп жатқан отандастарына өз ризашылығын білдірді.

„Жылы сөз біз үшін өте маңызды әрі мен мұны әрқайсыңыздың жүрек түкпірінен шыққан мейірім мен шапағаттың мол күші деп білемін, сондықтан ол әкемнің сауығып кетуіне көмектесуі тиіс. Сіздерге көп рахмет!„ деп жазды Лола Каримова-Тилляева Instagram-дағы жеке парақшасында.

Бұдан кейін ол Өзбекстан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтапты.

«Отандастарымды шын жүректен Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Мен Өзбекстанның еңбексүйгіш, шексіз талантты әрі мейірімді халқына бақыт тілеймін. Өсіп-өне берсін, жақсылықтан жақсылыққа жете берелік. Біздің байтақ жерімізде әрдайым бейбітшілік, тыныштық, және төзімділік орнасын. Біздің Отанымыздағы әртүрлі этнос және дін өкілдері арасындағы байырдан қалыптасқан өзара
сыйластық өз жалғастығын таба берсін„ деп жазады Кәрімовтің кіші қызы.

Осының  алдында Өзбекстанда Тәуелсіздік күні құрметіне арналған салтанатты шара өтпейтіндігі хабарланды. 29-тамызда Лола Каримова-Тилляева тура осы әлеуметтік желісі арқылы әкесінің миына қан кетіп, ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған.

Бұдан кейін кейбір БАҚ-тарда 78-жастағы Ислам Кәрімовтің қазасы туралы сыбыс тарай бастады. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмады.

Загрузка...