Кәрім Мәсімов тыныш жүрмейді. Енді Instagram-ға тіркеліп алыпты

264 просмотров

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Instagram желісінен жеке парақша ашты. Онда Үкімет басшысының алғашқы видеосы жарияланды. Видеодан Кәрім Мәсімовтің спорттық жарысқа қатысқанын көруге болады.

Видеоның тақырыбы — „Тәні саудың — жаны сау„. „Астана-дуатлон-2016„ ашық қалалық турнирі.

Спорт жарысы үш дистанциядан тұрды — бес шақырымға жүгіру, 15 шақырым жолды велосипедпен жүріп өту және қайтадан 5 шақырым жүгіру.

Үкімет басшысымен қатар жарысқа Президент Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан Даму Банкінің басқарма төрағасы Болат Жәмішев, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров, ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов және басқалар қатысқан.

Дуатлонға жалпы шамамен 500 адам тартылған.

Загрузка...