Кәрім Мәсімов Түркиядағы терактіге байланысты көңіл айтты

39 просмотров

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ыстамбұл әуежайында болған терактіге байланысты қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты. Қайғыға ортақтасқан жазбаны Үкімет басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады.

«Ыстамбұлдағы терактіге байланысты Binali Yıldırım-ге және қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтамын», — деп түрікше жазды ҚР Премьер-министр өзінің Twitter-дегі аккаунтында.

28-маусымда Ыстамбұлдағы Ататүрік атындағы әуежайда жарылыстар болды. Салдарынан 30-дан астам адам қайтыс болып, жараланғандар саны 100-ден асты. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылысты «ДАИШ» террорлық тобы ұйымдастырғанға ұқсайды.

Загрузка...