Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-22
USD
525
+1.39
EUR
546
-3.47
RUB
5.09
+0.02

Кәрім Мәсімов Дәулет Ерғожинды неге қасына алды

134

Сарапшылардың пайымдауынша, мұндай тағайындау ҚР ҰҚК сырттан төнген нақты қауіп-қатерлерге қарамастан (елімізде «сары» деңгейдің енгізілуін еске алсақ та жеткілікті),капиталдың заңсыз қозғалысына қарсы күресті күшейтетінін аңғартады. Өйткені 2008 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықта ҰҚК төрағасының жаңа орынбасары ҚР Қаржы министрлігіне қарасты Салық комитетінің төрағасы болған еді.

— Дәулет Ерғожиннің ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалуы — қызығушылық тудыратын жәйт, — деп жазды өзінің Facebook желісіндегі парақшасында саясаттанушы Досым Сәтбаев. — Көзге бірден ұратыны

Ерғожин дәл осы Кәрім Мәсімов премьер-министр болғанда, үкіметтегі белді лауазымдарда болды

Одан кейін онымен бірге президент әкімшілігіне ауысты, ал Мәсімов қайтадан премьер боолып тағайындалғада, үкіметке қайта оралды.

Жағдайды жалпы алғанда, ҰҚК заңсыз ақша айналымына, тек сыбайлас жемқорлық сипатындағы қаржыға ғана емес, сонымен қатар, экстремистік және террористік қызметті қаржыландырумен байланысты ақша айналымына қаржылық бақылауды күшейтпекші.

Ал

қаржылық бақылау мәселесіне келетін болсақ, Ерғожин бұл салада үлкен кәсіби тәжірибе ғана емес, сонымен қатар, біздегі элитаның «былықтары» туралы көп бағалы мәлімет жинаған маман,

өйткені ол кезінде ҚР Салық комитеті және Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы лауазымдарында болған.

Ерғожин Facebook арқылы да салық жинаған

2015 жылы Дәулет Ерғожин ел арасында «Ерғожинның қара тізімі» деген атаққа ие болған тізім жасаған болатын. Оған жосықсыз салық төлеуші-бизнесмендер, мейрамхана иелері енген еді.

«Соңғылардан қосымша декларация өткізіп, салықтарды төлеуді өтіне сұраймыз»,

— деп жазған өзінің Facebook-тегі парақшасында сол кезде мемтабыстар комитетінің төрағасы болған Дәулет Ерғожин.
Кейінірек, бұл жазбаның ел қазынасын 200 миллион теңгеге толықтырғаны белгілі болды.

«Мейрамханалар тізімінде көрсетілген бірқатар тұлғалар тиісті қосымша декларациялар тапсырып, салықтарды төлеп тастады.

Жалпы,

тізімде көрсетілген тұлғалардан 200 миллион теңгеге жуық ақша түсті, атап айтарлығы, бұл сома өсіп отыратын болады

Қазір біз Алматы, Астана қалалары, барлық облыс орталықтарындағы мейрамханалар бойынша хронометраждық зерттеулер жүргізіп жатырмыз», — деп хабарлаған Ерғожин.

1-e1432440698586

Дәулет Ерғожинның в Фейсбуктегі жазбасы 22 «лайк» және 200 миллион теңге жинады

Дәулет Ерғожинның өмірбаяны

Дәулет Ерғожин 1979 жылы 26-сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.

Ол «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмәмдаған. екінші жоғары білімді ол заңгер мамандығы бойынша Экономика және құқық университетінде алған. Сонымен қатар, іскерлік әкімшіліктендіру магистрі дәрежесіне ие, бұл атақты ол АҚШ-тың Suffolk University-нде алған.

Дәулет Ерғожиннің «ҚазТрансОйл»-дағы, «ҚазМұнайГаз»-дағы, «ҚазМұнайТеңіз»-дегі жұмыс тәжірибесі бар. Сондай-ақ

Ерғожин Салық комитетін басқарды, қаржы министрінің орынбасары болды, президент Әкімшілігінде қызмет етті

2014 жылғы тамыздан 2016 жылғы 21-қарашаға дейінгі аралықта Ергожин Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болды.

daulet-ergozhin-2-e1479809514666

Дәулет Ерғожин

Дереккөзі: 365info.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз