ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты кеңес өткізді.
Бұл туралы үкімет басшысы Twitter-дегі аккаунтында хабарлады.
«Ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне қатысты кеңес өткіздім», – деп жазды премьер-министр.
Кеңес барысында экономикалық өсімді қамтамасыз ету, атап айтқанда, инвестициялық субсидиялау, мал шаруашылығын субсидиялау, несие/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, су инфрақұрылымын дамыту, апатты су қоймаларын қалпына келтіру, гидротехникалық құрылымдарды қайта жөндеу мақсатында ауылшаруашылығы өнеркәсіп кешендерін дамыту мәселелері қаралды.